«Caspian Beverage Holding» АҚ-тың кадрдық саясаты

«Caspian Beverage Holding» АҚ басшылығы мынадай құндылықтарды қызметкерлермен бөліседі:

  • Біз қызметкерлерімізді асыл қазына, тұрақты бәсекеге қабілетті артықшылықтың қайнар көзі ретінде қарастырамыз.
  • Біз әр қызметкердің өзі жұмыс істейтін кәсіпорынға тиесілі екенін түсіндіруге тырысамыз.
  • Қызметкерлеріміздің жоғары кәсібилігі мен өзін-өзі жетілдіруінің арқасында ғана кәсіпорынның дамитынына сенімдіміз.
  • Қызметкерлерге сыйақы беру жүйесі және олардың мансаптық өсуі олардың бизнес мақсаттарына жету жолындағы өздері қосқан үлеске негізделуі тиіс деген ойдамыз.
  • Көшбасшылық әлеуетті іске асыру — таяу болашақтағы және ұзақмерзімді болашақтағы бәсекеге қабілетті артықшылықтың кепілі екенін растаймыз.
  • Қызметкерлердің бірлескен білімі мен тәжірибесін пайдалану әр кәсіпорынға қосымша құн әкеледі деген пікірдеміз.
  • Өзара құрметтеу, сенім, жауапкершілік және ашықтық — қызметкерлер арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту және өзара әрекет ету кепілі екеніне сенімдіміз.

«Caspian Beverage Holding» АҚ басшылығы мына қағидаттардың сақталатынына кепілдік береді:

  • Кәсіпорынның кадрлық саясаты бизнестің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған.
  • Кәсіпорындағы қызметкерлердің құрамын басқару акционер, еңбек ұжымы және әрбір қызметкердің мүдде теңгерімін ескере отырып іске асырылады.
  • Кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің бизнес мақсаттарына жету жолындағы өздері қосқан үлеске сәйкес сыйақымен қамтамасыз етіледі.
  • Әртүлі басқару деңгейіндегі басшылар кәсіпорынды дамыту мақсатында қызметкерлердің кәсібилігі мен өзін-өзі жетілдіруін арттыру үшін жағдай жасауға әсер етеді.
  • Әрбір басшы өз құзыреті шегінде қызметкерлер құрамын басқару үшін жауапты болады.