«Caspian Beverage Holding» АҚ-тың артықшылығы
–
тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасы.
Біз тамақ өнімдерінің менеджменті мен қауіпсіздік сапасы халықаралық стандартының (ISO 221000) жүйесі бойынша сертификаттаудан сәтті өттік.
Төменде сапа менеджменті жүйелерінің сертификаттары мен тағам өнімдері сапасының сәйкестік декларациялары берілген.
Алкогольсіз өнімдер үшін HALAL сертификатымыз, тағамтану институтының мақұлдауы бар.
Шарттың мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Бұл Шарттың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, «Caspian Beverage Holding» АҚ Оферта акцептісінен бас тартуды ұсынады.
Егер де өнімдерімізге деген қызығушылық танытсаңыз,
мына телефон арқылы сату бөліміне жүгініңіз:



Оферта шартын жасау Қазақстан Республикасы
Азаматтық Кодексінің 26-тарауында көзделген.
Шарт мәтіні жария оферта болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабы 5-тармағына сәйкес, жария оферта дегеніміз — ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс).
Оферта акцепті — онлайн сервисті пайдалану (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабына сәйкес).
Акцепт дегеніміз — оферта бағытталған тұлғаның оның қабылдағаны туралы жауабы. Акцепт толық және сөзсіз болуы тиіс.
Осы жария шарт — оферта акцептісі бойынша әрекет жасай отырып, Пайдаланушы өзінің құқыққа және іс-әрекетке қабілетті екенін, сондай-ақ «Caspian Beverage Holding» АҚ-пен шарттық қарым-қатынас жасауға заң жүзінде құқылы екенін растайды. Шарт жасаудың толық әрі сөзсіз келісімі (әрі қарай — Акцепт) Жабдықты өткізу-қабылдау актісіне қол қою арқылы оның шарттарымен айқын келісу болып табылады.
Шарт акцепті Пайдаланушының осы ұсыныстағы барлық қағидалармен келісетінін, оның Шартқа және оған тіркелген қосымшаларға тең екенімен келісетіндігін білдіреді.
Сондай-ақ офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (бұл жағдайда Жабдықты қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдау), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396-бабы 3-тармағына сәйкес).