Компаниямыздың тарихы
1964 жылы басталған.
Ол кезде «Напитки» өндірістік бірлестігі» деп аталатынбыз.
1988 жылы ҚазКСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің бұйрығымен Компания Алматы шарап жасау өнеркәсібі өндірістік бірлестігінің базасында жұмыс істей бастады.
Бұл қадам біздің өндірістік қуатымызды кеңейте түсті: компания сыра өндіретін 2 цехке, ликер-арақ өнімдерін өндіретін цехке, алкогольсіз өнімдер өндіретін және аққайнар мен шарап өндіретін цехтерге иелік етті.
1996 және 1997 жылдары өзгерістер орын алды.
1996 жылы ҚР Мемлекеттік мүлік комитеті «Напитки» ӨБ көптеген ірі цехтерін сатып жіберді, кәсіпорынның иелігінде сыра және алкогольсіз өнімдер өндіретін екі цех қана қалды.
Содан кейін «Напитки» ӨБ «Напитки» АТАҚ деп қайта құрылды.
1999 жылдың мамыр айында Компания атауын «Сусындар» ААҚ деп өзгертті.
Жаңа ғасырды жаңа атаумен қарсы алдық, жабдықтың бәрін ауқымды түрде жетілдірдік, өнімдер қоржынын жаңарттық және жаңа маркетинг саясаты бойынша жұмыс істей бастадық.
2006 жылы «Caspian Beverage Holding» АҚ деп атауымызды өзгерттік.
Өзгерістер өндіріске ғана емес, Компанияның әкімшілік бөлігіне де әсер етті.
Бұрынғыдан да тиімді жұмыс істеу үшін біз корпоративтік басқару стандарттарын енгізіп, өзіміздің корпоративтік мәдениетімізді қалыптастырдық.
Қаржы аудитін Deloitte компаниясы жүргізеді. Соңғы тексеріс нәтижелері бойынша, Компания есептіліктен еш қате таппай, барлық қаржы құжаттамасы аудит және ХҚЕС стандарттарына сәйкес келеді деген қорытынды жасады.
Қазіргі уақытта Caspian beverage Holding АҚ келесі өнімді шығарады:
- «Алматинское» сырасы
- «Shandy» сыра сусыны
- «Нағыз Буратино» газдалған лимонады
- «Компотай» шырынды сусыны
- «Ai Tea» салқын шайы
- SUAL дәруменделген суы
- BUBA@KIKI ферменттелген квасы
- TAMGA энергетикалық сусыны